Астанада балабақша қызметкері балаға тамақтың қалдығын берген (ВИДЕО)
Ата-аналар балабақшаның тамағы ай сайын төлеген ақшаға сай келмейтінін айтқан
Астанадағы «KIDS» балабақшасының қызметкері балаларға тамақтың қалдығын берген. Бұл туралы видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнебақылау камерасынан түсірілген видеодан әйелдің балаға тамақ қалдығын салып беріп жатқанын көруге болады. Мұның алдында ата-аналары балаларға сапасыз тағам берілетіні жайында шағым түсірген. Ендігіде олар биліктегілерден балабақшаға тексеріс жүргізулерін сұрайды.
Аталмыш оқиғаға қатысты балабақша әкімшілігі әлі ешқандай пікір білдірмеген.