"Әйел асылып өлмек болды": жігіт бойжеткенмен төсектес болған сәтті видеоға түсіріп, таратқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 мамыр, 2024
- 36.8k
Оңтүстік Қазақстан аймағында ер адам қалыңдығымен жыныстық қатынасқа түскен видеосын таныстарына таратқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Сaravan.kz порталына сілтеме жасап.
Онымен қоймай, ол қалыңдығына қатысты жағымсыз нәрселер айтқан. Бұл әйелге ауыр тиіп, ол өзіне қол салмақшы болады.
Ер адам мұны сүйіктісінен кек алу үшін жасаған. 2022 жылдың желтоқсанында олар келіспей жанжалдасып қалған екен. Сөйтіп әйелді қонақүйге шақырып, жыныстық қатынасқа түскен. Ал бөлмеде болған көріністі бейнежазбаға түсіріп, видеоны таныстарының арасында тарата бастаған.
"Осы факті бойынша аудандық полиция бөлімі ер адамға қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі және 147-бабы 5-бөлігі (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, өзіне қол жұмсауға жеткізу, жеке өмірге қол сұғушылық) бойынша қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.
Сотта ер адам бұрынғы қалыңдығынан кешірім сұраған. Оның өтінішімен сот өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты. Жеке өмірін бұзу бабы бойынша сотталушы 3,5 жыл шартты түрдегі жазаға тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.