Қоғам

Ақтауда оқушы қызды зорламақ болған мектеп күзетшісі қамауға алынды

Мектеп күзетшісі оқушы қызды өзіне шақырып алып, ойын жүзеге асырмақ болмақ

Ақтауда мектеп күзетшісі қамауға алынды. Ол ойнап жүрген қыздардың бірін шақырып алып зорламақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап. 

10 жасар оқушыға зорлық көрсетпек болған білім ордасының бұрынғы күзетшісі соттың санкциясымен екі айға қамауға алынғанын Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытта ол изоляторда.

Айта кетсек, Ақтауда оқушы қызды зорламақ болғаны туралы хабарлаған едік.