Қоғам

Бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезіп, далаға шықты

Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балға дейін сезілді.

20 мамырда Астана уақытымен сағат 10:10-да сейсмикалық станциялар желісі эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9. MPV магнитудасы - 5,7.

Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балға дейін сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.