"Қызметіне зиян": Омар Жәлел ақылды адамдардың тойға бармайтынын айтты
Ол той жасамайтын басқа ұлттарға мысал келтірді
Абайтанушы ғалым Омар Жәлелұлы ақылды адамдардың тойға бармайиын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы Qazaq Airan арнасына берген сұхбатында қытайларға мысал келтірді. Сондай-ақ түріктер де көп той жасамайды беген пікірде.
"Өзбекстанда тойды таңертең ерте өткізу әдетке айналған, адамдар уақытты босқа өткізбей, одан кейін жоспарлы істерін шешуге үлгеруі үшін. Міне, нағыз іскер ұлттың мысалы.
Қазақстанда ақылды адамдар тойға бармайды. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев өз заманында тойға бармаған. Өйткені ғылыми тұрғыдан алғанда, бәрі айқын: бұл уақытты ысырап ету. Той режимді бұзып, ғылыми қызметке зиянын тигізеді", – деді абайтанушы ғалым.