Қоғам

Қазақстанда интернет қымбаттайды

Қай тарифтердің қанша пайызға қымбаттайтынын компания өз сайтында жариялады.

Қазақстанда 51 тарифтік жоспарға қосылған абоненттерде баға қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

"Қазақтелеком" АҚ 1 шілдеден бастап интернет желісінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша бағаны көтереді. Қай тарифтердің қанша пайызға қымбаттайтынын компания өз сайтында жариялады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылдың мамыр-шілде айында ұялы байланыс операторлары ресми сайттарында ақпаратты жариялай отырып, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтің құнын өсіргенін анықтады.