Мәдениет

"Ең қымбат жүргізуші болдым": басы дауға қалған Азамат Сатыбалды сұхбат берді (ВИДЕО)

Ол сұхбатында ешкімнің ақшасына мұқтаж емес екенін айтады.

Белгілі актер,  "Қазақфильм" киностудиясының басшысы  Азамат Сатыбалды «1001 түн» бағдарламасында «Сізге біреу қомақты қаражат ұсынса не істер едіңіз»? деген сауалға жауап берді,  деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Егер сен принцпіңнен аттап кетсе, адам ретінде не керегің бар? Екінші жағынан қатты қаражатқа мұқтаж емеспін. Басшылыққа келем дегенше де жағдайым жасалынған адаммын. Кезінде өздеріңіз білесіздер, ең қымбат жүргізуші болдым. Ең қымбат фильмдерге түстім. Жолдасым да қазір компаниялармен шұғылданады. Жалғыз ұлым бар. Маған артық дүниенің қажеті жоқ деп ойлаймын. Үйім бар, жайым бар. Не керек жанымда бар. Егер ақшаның артынан қуатын болсам, маған бизнесмен болу керек деп ойлаймын. Баймын да, кедеймін де демеймн. Мен бақуаттымын. Аллаға шүкір, өзіме жететін дүнием юар. Сондықтан маған қазір өнерді ойлау керек деп ойлаймын. Өнердегі өмірімді ұзартқым келеді", - деді өнер иесі. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақфильмнің" автосалонға айналғаны, Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағаны жайлы ақпарат тарап, өнер иесінің басы дауға қалған болатын.