Экономика

Шымкент сыра зауыты Баян Алагөзованың күйеуінің иелігіне өтті

Дәлірек айтқанда, ол Шымкент сыра қайнату зауыты мен және 8 компанияға басшылық етпек.

Атышулы Шымкент сыра зауытына белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзов иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Дәлірек айтқанда, ол Шымкент сыра қайнату зауыты мен және 8 компанияға басшылық етпек.

«Бизнес-реестрге сәйкес, актив Тұрсын Алагөзовтың меншігіне бір апта (13 мамырда) бұрын өтті. Бұған дейін 2021-2024 жылдар аралығында зауытты Ғалымжан Есенов пен Марғұлан Сейсембаевтың бизнес-серіктесі саналатын Тимур Жаңабаев иеленген болатын. Жаңабаевқа дейін кәсіпорын «АТФ Банк» АҚ-ға тиесілі болды», – делінген Telegram-дағы Shishkin_like арнасының жарияланымында.

Айта кетейік, Шымкент сыра қайнату зауыты түрмеде отырған Тоқтар Төлешовке тиесілі болған «Шымкентпиво» ЖШС-нің мұрагері.

2016 жылы қарашаның 7-сі күні Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әскери сот Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, дүние-мүлкін тәркілеуге, мемлекеттік марапаттарынан айыруға үкім кескен болатын.