Сауда министрі халыққа азық-түлік қымбат демей, көбірек жұмыс істеуге кеңес берді
- автор kyn.kz
- 21 мамыр, 2024
- 651
Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер Сауда және Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке елді толғандырған сұрақтардың бірін қойды. "Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қашан қояды?" деп сұраған юолатын. Министр бұл сұраққа "Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов" деп жауап қатты.
«Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов» деген сөз бар. Cондықтан сіз көбірек ақша тауып, көбірек (өнім - еск.) өндіруіңіз керек. Азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына тоқталайын. Баға өзгеріп отырады. Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде бәсекелестіктің деңгейі жоғары жәна нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позициясының қалай өзгеретінін айта алмаймын. Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет (тағамдар - еск.) пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек», - деді министр.