"Тамағыңа ыстық жас тығылады": Дина Төлепберген ұлының денсаулығы жайлы айтып берді
Ол көбіне эмоцияға берілмейтінін алайда кейде бәрі мүлде басқаша болатынын айтады.
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ұлы жайлы жазба қалдырып, ішкі сезімін ақтарды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Бүгін тұңғышым Асқарали бастауышты бітірді. Мектебіндегі концертке барып, баламды танымай қалғандаймын. Кеше ғана бірінші сыныпқа барып, жазуды бірге үйреніп едік. Бүгін алдымда өнер көрсеткен - нағыз жігіт. Уақыт-ай... Қалайша зымырап барасың...Мен эмоцияға көп беріле бермейтін адаммын. Бірақ осындай сәттерде тамағыңа ыстық жас тығылады екен. Аналардың бәріне таныс әсер шығар...Тұңғышым болған соң, Асқаралимен біраз қаталдау сияқтымын. Бастысы, балам, Сені қатты жақсы көретінімді біліп жүр! Мен баламды Әсеке, лидер, голливуд жұлдызы деп еркелетемін", - деп жазды ол.