Қоғам

Синоптиктер Қазақстанның 3 қаласы тұрғындарына ескерту жасады

Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі.

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"2024 жылғы 22 мамырда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.