СҚО-да аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қамалды
Антикор сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Kyn.kz тілшісі.
Аталған азаматтар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, – делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу сотының санкциясымен оларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.