Мәдениет

Қайрат Нұртас әдемі табиғатта гүл жұлғаны үшін айыппұл төлейді ма? (ВИДЕО)

Әнші бұл жағдайды өз парақшасында жүктеген.

Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың жаңа видеосын көріп шошыған. Олар әншіні қызғалдақ гүлін жұлмауға шақырды. Ал әншінің өзі болса  жұлғаны қызғалдақ емес, көкнәр екенін жазып, елді алаңдамауға шақырған, деп жазды KҮN.KZ  тілшісі.

"Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқкиімді құрбан еттік",-деп жазған әнші.