Саясат

"Кінәлі біз боламыз": мәжілісте Абзал Құспанның ұсынған заң жобасының атауы депутат Бапиге ұнамай қалды

Заңды әзірлеушілермен және жұмысшы тобымен ақылдасып, атауына қатысты өзгерістер енгізу керек.

Бүгін Мәжілісте тағы бір заң жобасы қаралды. Бірақ заңның атауы өте шұбалаңқы. Бұл депутат Ермұрат Бапиге ұнамай қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Заң «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Аталған заң туралы баяндаманы Абзал Құспан жасады. 

Осы заң Мәжілістің қарауына түскенде сұрақ қойған едім. Бұл заңның атауының өзі қоғамда біраз мәселе тудыратын секілді. Өзі экономикалық құқық бұзушылық болса, өзі заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру болса, деклемеразация жасаймыз. Осыны ертең қоғам түсінбейді. Заңды әзірлеушілермен және жұмысшы тобымен ақылдасып, атауына қатысты өзгерістер енгізу керек.

«Жеңіл экономикалық құқық бұзушылық» дегендей атау дұрыс. Заң қабылданған соң, қоғамда сын туады. Біз заңсыз активтерді шығарып жатқан адамдарды қылмыстық кодекстен шығарып, әкімшілікке кодекске ауыстырып, жағдай жасап жатырмыз деген ой туады. Ертең оған жауапты сіз (Абзал Құспанға қарата) және мен және осында отырған біраз адамдар болады. Заңды әзірлеушілер де, министрлік те жауап бермейді», – дейді Ермұрат Бапи.

Ол ертеңгі күні әлеуметтік желіде «крайний» депутаттар болып қалады деп отыр. Ал Абзал Құспан әріптесінің айтқанымен келісетінін айтты.