Қызылорда облысында оқушының өлімінен кейін әкімдер жазаланды
Оқиғаға байланысты облыс әкімі облыстың жасөспірімдер арасындағы қылмыспен неліктен күреспей жатқанын түсіну үшін жиын өткізді.
Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен кейін көз жұмған жасөспіріекі ауданның әкімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Облыстағы Шиелі және Сырдария аудандарының әкімдері қатаң сөгіс алды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған, төбелеске жол берген Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры, учаскелік инспектор қызметтерінен босатылады.
Оқиғаға байланысты облыс әкімі облыстың жасөспірімдер арасындағы қылмыспен неліктен күреспей жатқанын түсіну үшін жиын өткізді.
“Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 30-дан 26-ға дейін азайғанымен, ауыр қылмыстар, керісінше, жыл басында, яғни наурыз айында Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылында болған құқық бұзушылықтар саны артқан. Жуырда Қызылорда қаласындағы Белкөл ауылында, Шиелі ауданындағы Қодаманов ауылында төбелесіп қаза тапқан жасөспірім балалар арасындағы қылмыстан бөлек, ұстаздар тарапынан болған қылмыс фактілері де ешкімді бейжай қалдырмауы керек”, – деп атап өтті аймақ басшысы.