Мәдениет

Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы қызу талқыланып жатыр

Студенттің Роза Рымбаеваны айнытпай салғаны соншалық көпшілік оны әншінің өзі екен деп қалған.

TikTok әлеуметтік желісінде елімізге танымал әнші Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Роза Рымбаеваны сахналаған студенттің видеосын Елдана Ғаниқызы атты TikTok қолданушысы өз парақшасында бөліскен.

"Студенттерді бақылау. 1-курс емтиханы. Еслям Нұртазин шеберханасы", - деп жазған автор.