Димаш бүгін 30-ға толған күнінде Түркияда жеке концертін бергелі жатыр
Бес жасынан ән салған Димаш бүгінде елімізді әлем сахналарында насихаттап жүр.
Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайберген дүниеге келген күн.. Сондай-ақ бүгін ол Түркияның Стамбұл қаласында жеке ән кешін өткізбек, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Димаш үшін бүгін ерекше күн. Өйткені ол дүн есігін ашты. Ол Ақтөбе қаласында туған. Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған. Алты жасында "Айналайын" республикалық байқауының "Фортепиано" номинациясында жеңімпаз атанды. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы "Жас қанат" Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы "Восточный базар" Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.
2013 жылы Димаш Құдайберген "Мейкин Азия" І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар "Славян базары-2015" байқауында Гран-при жеңіп алған. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген "Abu TV" Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің "эстрада өнері" факультетіне түсті. Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді.
2017 жылы Азияның "Грэммиі" саналатын "Top Chinese Music Award" сыйлығын "Азияның ең танымал әншісі" аталымында жеңіске жетті.
Көптеген халықаралық жүлделердің иегері бүгін Стамбұлдағы Бешиктас стадионында жергілікті уақытпен сағат 21:30-да жеке ән кешін өткізбек.