"Жахан, сен балалы бола алмайсың" деді": Отарғалиев белсіз екенін естіп, депрессияға түскен (ВИДЕО)
Отарғалиев өзін депрессияға ұшыратқан диагнозды да айтып берді.
Актер, кино-продюсер Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр кезең туралы ашып айтты. Журналист Зарина Мүсілімге сұқбат берген ол күйзеліске түскен сәттерін еске алды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жахан өзіне диагноз қойған сәтін еске алды.
"Жахан, сенің физикалық тұрғыда балаң бодмайды" дегені бір, оның үстіне бұны әйелімнің көзінше айтқаны екі есе ауыр тиді маған. Бұрын сезетінмін. Біраз жыл жүрдік қой. 15 жылдай. Бірақ менің бетіме ешкім айтпаған. Кесіп, бетіме айтқан кезде еш нәрсе қызық болмай қалды", - деген ол 2023 жылдың қиындықтар мен сынақтарға толы жыл болғанын айтады.
Ол өнер адамдарының да жүрегі жылайтын кездер болады дейді.
"Біздің де мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналып алуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны себеп болады", - деп ағынан жарылды актер.
Сонымен қатар Отарғалиев өзін депрессияға ұшыратқан диагнозды да айтып берді.
"Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе… Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді… Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой…", - деді ол.