"Хайп қуып, имамдарға тиіскендердің жаназасын шығармаса екен": белгілі дін өкілі адам шошырлық мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Оның пікірінше, имамдарға тиіскендер жазалануы тиіс.
Имам Жарқын Мырзатаев кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында имамдарға тиіскендерге қандай жаза қолдану керек екенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Имамдарға, хайп қуып дінге тиісетіндердің жаназасын оқымай қойса екен. 1-2 сондай адамның жаназасын оқымай қойса, қалғандары тәубесіне келер ме еді?», — деді Жарқын Мырзатаев.