Қоғам

25 мамырда еліміздің бірнеше бөлігінде қар жауды (ВИДЕО)

Казгидромет алдағы 3 күнде ауа райы күрт нашарлайтынын айтады.

Елімізде оқушылар соңғы қоңырау өткізіп жатқанда, бірнеше өңірде қар жауып, күн борады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардың бірінде видео авторы "Екатеренбург-Алматы" тас жолында 25-мамыр күні қардың жапалақтап жауып жатқанын айтады.

Ал Қазгидромет алдағы 3 күнде Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 16 облыс тұрғындарына ескерту жасады.