Бишімбаевтың ұлы Кәрім үлкен марапатқа ие болды
Бұл туралы Кәрімнің анасы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ұлы Кәрім Бишімбаев "Barys хоккей" клубының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2023-2024 жылғы үздік қақпашысы атанды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы Кәрім Бишімбаевтың анасы Назым Қаһарман өзінің Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасына жазды.
“Бүгін хоккей маусымы жабылды. 2023-2024 жылының үздік қақпашысы атанып жатырмыз”, - деп жазды Назым Қаһарман.
Кадрдан Кәрім Бишімбаевтың марапатталып жатқанын көруге болады.