Мәдениет

Баян Алагөзова кіші қызының өз үйлену тойын көрсетуге тыйым салғанын айтты

Продюсер кіші қызының артықшылығы жайында айтты

Продюсер, әрі актриса Баян Алагөзова кіші қызы Айару туралы сөз қозғады.  Айтуынша, ол бірнеше тіл меңгерген. Бірақ көпшілікке қабілетін көрсетпеуге тырысады екен, деп хабарлайды КYN.KZ ақпарат агенттігі.

Баян қызының тым қарапайым мінезіне алаңдаушылығын білдіреді. 

- Менің қызым өте сұлу, ақылды, еңбекқор, білімді, өте қарапайым. Бірақ мына соңғы пункті маған көп ұнай бермейді.  Бұл мінезі уақытша шығар деп ойлаймын. Қарапайымдылық - адамның көркі. Тек қызымда осы қасиет көп секілді. Сондықтан көпшідігі оның қабілетінен бейхабар. Мысалы, ол өзінің фортепианода ойнайтынын көрсеткенін қаламайды, әйтпесе гольфты да керемет ойнайды. Бірнеше тіл білетінін, әдебиетке қызығушылығы жайлы мүлдем айтпайды. Бұл ғана емес өзінің тойын көрсетуге де қазірден бастап тыйым салып қойды. Бірақ әзірге оның сүйіктісі жоқ, - деп жазды Баян Алагөзова өз Instagram парақшасында.