Е-Magnum қожасы неге «City Plus» тұрғындарына ұйқы бермей жүр
Мазамыз қашты деген тұрғындар соттасып та үлгерген.
Алматыдағы "City Plus" тұрғын үй кешені тұрғындарының азық-түлік өнімдерін онлайн сататын қоймасы – "Magnum E-commerce Kazakhstan" компаниясына өкпесі қара қазандай. Тұрғындардың компания директоры Юлия Киммен "шайқасының" созылғанына екінші жылға кетті. Аталған компанияны Kaspi.kz танымал гипермаркеттер желісінен онлайн жеткізу компаниясын сатып алған болатын.
Тұрғындар бүкіл инстанцияға шағымданып біткен. Тауарларды компанияның қоймасына жеткізетін жүк көліктерінің ағыны мұнда кісі тұруға төзгісіз жағдайды туғызып отыр. Қойманы кеңейтілген кезде санитарлық ережелердің талаптары бұзылғаны құжатпен дәлелденгеніне қарамастан, уәкілетті органдар нысанды тексере алмай отыр.
Неліктен біздің елде заңдар мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бәріне бірдей емес?Ulysmedia.kz бұл мақалада осы сұраққа жауап іздеп көрді.
Төле би көшесі 285/8 мекенжайында орналасқан алматылық "City Plus" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарласты. Аталған компаниямен алыса-алыса әбден қажыса керек. Олар екінші жыл қатарынан өз үйіне жақын орналасқан "Magnum E-commerce Kazakhstan" компаниясының азық-түлік өнімдерін онлайн сататын қоймасына тексеру жүргіздіре алмай әлек. Тұрғындар аталған компания құрылыс нормаларын, санитария ережелері мен экологиялық кодекс талаптарын бұзып отыр деп есептейді.
– Осы ЖШС қызметіне байланысты біз, "City Plus" тұрғындары күндіз де, түнде де тыныштық таба алмаймыз, - дейді тұрғындардың бірі Асқар Асқарбеков. – Біз тыныш ұйықтай да, таза ауамен дем ала да алмаймыз, өйткені тұрғын үйіміздің алдында тәулік бойы 1 метрден аз қашықтықта тауарларды ЖШС қоймасына жеткізетін жүк көліктері лықып тұрады. Өз пәтерімізде денсаулығымыз бен демалысымызды ойлап, адамша жүріп-тұрудан қалдық. Біздің көрген күніміз - ылғи шу. Газдың иісі ұрып тұрады, пәтерді желдету мүмкін емес.
Шу мен түтіннен әбден зәрезап болған тұрғындардың айтуынша, аталған компания тамақ өнімдерін сақтап, өткізетін ірі логистикалық орталық саналады. Ол тұратын ауданда орналасқан.
– Компания 2023 жылы бұрынғы "City Plus" сауда орталығы ғимаратының иесі болған әрі үлкен қоймаларын кеңейтіп, қайта жасақтаған, - деп түсіндірді Асқар Асқарбеков.
– Біздің қолымызда осы фактіні растайтын құжат бар. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы біздің сұрауымыз бойынша эскиздік жобасын берген. Бұл ғимарат сатып алынған кезде ол қоныстану (тұрғын) аумағында орналасқан болатын. Бірақ қандай да бір сиқырлы жолмен Алматы қаласының қала құрылысы басқармасы ЖШС-ға қайта жаңартып, қосымша құрылыс салуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді. Сөйте тұра шенеуніктер "Magnum E-commerce Kazakhstan" ЖШС-де санитариялық-қорғау аймағын (СТЗ) негіздеу және қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) қорытындысының жоқтығына алаңдамайды.
Қорғаныс аймағы қорғамай ма?
Тұрғындар тыныш өмірді іздеп шаршағаны соншалық, әрқайсысы заңгер деңгейінде сауатты болып алдық дейді.
- Санитариялық қағидалардың 55-тармағына сәйкес "адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ететін нысандар санатындағы санитариялық аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша қоймалар қауіптіліктің V класына жатады әрі санитариялық-қорғау аймағының мөлшері 50 метр болуы тиіс, - деп атап көрсетеді олар.
- Алайда, ойын-сауық орталығы ғимаратын қайта салған кезінде санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) өлшемі жобаланып, негіздеу жүргізілмеген. Эскиздік жобада қоймадан тұрғын үй дейінгі қашықтық әртүрлі бағытта 6,74-тен 11,73 метрге дейін аралықты құрайды.
"City Plus" тұрғын үй кешенінің тұрғындары барлық дәрежелі шенеуніктердің назарын қойма иесі жіберген заңбұзушылықтарға аударуға тырысқан. Өкінішке қарай, олардың айтуынша, шағымның бәрі сәулет-құрылыс бақылау басқармасына түскен. Ал бұл басқарма іс жүзінде санитарлық-қорғаныс аймағы бойынша сәйкессіздіктерге көз жұма қараған.
– Сол кезде біз Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгіндік, - дейді Асқар Асқарбеков.
– Бірақ басқарманың мамандары қойманы жоспардан тыс тексеруді жүргізе алмаған, өйткені фирма басшылығы тексеруді тағайындау туралы актіде "Magnum E-commerce Kazakhstan" басшылығының қолының жоқтығына сілтеме жасай отырып, оларды жібермеген. Содан кейін ЖШС басшылығы басқарма мамандарының үстінен шағым жаза бастаған. Олар СҚА-ны негіздеу мәселесі қала құрылысы басқармасының құзыретіне жатады деп мәлімдеп, ол ведомство ЖШС-ге тексеру жүргізгенін әрі санитарлық-қорғау аймағы бойынша заңбұзушылықтар анықталмағанын алға тартқан. Сонымен қатар, компания басшылығы бұрынғы "City Plus" сауда орталығының ғимараты "City Plus"тұрғын үй кешені салынғанға дейін болған деп бір-ақ кескен. Бұл ретте қайта құру кезінде қосымша құрылыс ЖШС Алматы қаласы Әуезов ауданы басқармасында СҚА мөлшерін негіздеу бойынша оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алмағанын, ал "Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы" ММ ҚОӘБ бойынша мұндай жағдайларда жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарын тарта отырып жүргізілуі тиіс екенін ескермеген. ЖШС өз шағымында құрылыс салушы тарапынан заңбұзушылықтар барын, сондай-ақ қоймалар жай ғана "тұрғын емес үй-жайлар" екенін атап көрсетеді.
"City Plus" тұрғындары Алматы билігі "Magnum E-commerce Kazakhstan" компаниясының басшылығына заң талаптарын орындатуға неге әмірі жүрмейтінін түсінбейді.
"Тексеруді талап етеміз!
- Бұрынғы "City Plus" сауда орталығының қайта құру жобасының сараптамасы "сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заң талаптарын бұза отырып жүргізілді. Өйткені ЖШС-да жобаға сараптама жүргізу үшін қажетті арнайы бастапқы құжаттар болмаған, - дейді наразы тұрғындар.