Мәдениет

«Қолын сүю бақыты бұйырды»: Наркенже Серікбаева Шейх Усман туралы ерекше жазба қалдырды

Өнер иесі Қазақстанға жолы түскен Шейх Усман Тохәны кездестіріп, оның батасын алуды еш ойламаған

Белгілі әнші Наркенже Серікбаева Шейх Усман Тохәның қолынан сүйіп, батасын алды. Ол әлемге әйгілі құран кітаптың 20 нұсқасын жазған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әнші бұл күн өзі үшін тарихи сәт болғанын өз Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, Шейхтың қолын сүйіп батасын алғаннан кейін, оның жан-дүниесі тазарған.

"Бүгін мен үшін Алланың қалауымен Ұлы күн, тарихи сәт болды. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Раббым әр сәт сайын өзіңнің шексіз мейіріміңмен махаббатыңды сезінудемін. Сансыз шүкіршілік. Бүгін Әлемге әйгілі Құран кітаптың 20 нұсқасын жазып, соның 500 мил көшірмесі таратылған, Шейх Усман Тохә атамыздың қолын сүйіп, батасын алу бұйырды. Бұл менің өмірімдегі қаншама орын алған оқиғалардан кейінгі өзімді ең бақытты жан сезініп, жан дүнием толықтай тазарғандай күй кештім. Ол кісі Қазақстанға келеді деген сәттен көңілім алай дүлей жолығып батасын алғым келді, бірақ қайдам ол бұйыра қоймас деп іштей үміт үзген едім. Раббым пендесінің ойына өзі бұйыратын нығметті ғана салады екен ғой. Аллахтың құдіреті шексіз пендесіне қайырлысын бұйырады. Бір кезде қашанда қолдау көрсетіп, жанымнан табылатын өнердегі үлгі тұтар әпкем Маржан Есжанова анам хабарласып сол кісі тұрақтаған мейрамханаға шақырды. Көзімнен жас тоқтар емес бір көріп қалу бақыты бұйырды ғой деп алып ұшып жетіп бардым. Алланың берген дарынымен алдында ән шырқадым. Ән айтқаныма еркеше ықылас білдіріп жанына шақырып: “ Қызым, дауысың қандай керемет Аллах берекет берсін” - деген ақ батасын берді. Қолынан қасиетті Меккенің иісі аңқып тұрған атаның қолын сүю бақыты бұйырды. Өмірім түбегейлі оң жаққа өзгергендей күй кештім Ин шаа Аллах солай болғай. Осы күнді бұйыртқан Аллаға шүкір деймін. Бұл керемет күннің болуына себепші Маржан әпкеме қашанда алғысым шексіз", - деп жазған ол.