Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бірнеше адам қаза тапты: Ұлытауда жантүршігерлік жол апаты болды

Бірнеше адам қаза тапты: Ұлытауда жантүршігерлік жол апаты болды
Ұлытау облыстық полиция департаменті
2002 жылы туған Mercedes-Benz 190 көлігінің бір жолаушысы қайтыс болған.

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты боп, бірнеше адам қаза тапты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға 26 мамыр күні сағат 14:15-те Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолда, Сәтбаев қаласынан Жезді кентіне дейінгі учаскеде болған. 

2002 жылы туған жүргізуші Mercedes-Benz 190 маркалы автокөлігі қарсы жолаққа шығып, Chevrolet Nexia маркалы машинамен соқтығысқан.

Салдарынан Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі, оның 1978, 1981 және 1971 жылы туған үш әйел жолаушысы, одан бөлек 2002 жылы туған Mercedes-Benz 190 көлігінің бір жолаушысы қайтыс болған.

Mercedes-Benz 190 көлігінің жүргізушісі және оның 2002 жылы туған әйел жолаушысы Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Жол апатына ұшырағандардың Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар басқармасының кіші сержанттары екені анықталды.

Ал жараланғандар Chevrolet Nexia жолаушылары 1999 жылы туған әйел және 2023 жылы туған қыз бар. Олар түрлі жарақатпен Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар