Қоғам

"Балалар қорқып, жылады": Байзақова саяхатта сұмдық жайтқа тап болғанын айтты

Ол әуеде экипаждың 3 рет жерге қона алмағанын айтады.

Танымал блогер Айжан Байзақова өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі  парақшасында шетелге саяхатқа барар жолда сұмдық жайтқа тап болғанын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Блогер гидроұшақпен ұшу барысында дауыл басталып, экипаждың 3 рет жерге қона алмағанын айтады.

"Сұмдық болды.
Дауыл басталды. Гидроұшақты ұшырып әкете жаздады. 3 рет жерге қона алмадық. Бәрі дұға оқып, жылап жатты.
Балалар қатты қорықты. Аллаға шүкір аман-есен жеттік", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Айжан Байзақова ашық-шашық киімдері мен былапыт сөздерімен танымал болған еді. Бүгінде блогер 2 ұл бала тәрбиелеп отыр.