Арулар

"Күйеуіме өлім тіледім": шымкенттік келін түскен әулеттен құтылу үшін құдайға жалбарынғанын айтты (ВИДЕО)

Келін: сондай жауапкершілік пен міндет көп, ешкімге ұнамайсың, өмірден баз кешесің.

Шымкенттік блогер  өңірде келінді бүкіл әулет қадағалап, жүнжітіп жіберетінін айтты. Сөзінше түскен әулеттің әр адамына жағу үшін үлкен төзім мен шыдамдылық керек. Тіпті өмірден түңіліп, бұл "тапсырмалардан" құтылудың жолдарын іздейтіндер бар екен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Бұл расымен дерт. Басына түскен адам біледі. Келіндік міндет бітпейді. Шаршап, тозып кетесің, тойып кетесің. Бір әпкемнің айтқаны есіме түсті. "Күйеуіммен балаларды ойнатуға бардық. Сол жерде ойланып жүрдім. Қарасам күйеуім бізге-қабаттан қарап тұр екен. Құдайдан оған өлім тіледім. Сол тұрған жерінен құлап өлсе екен дедім. Басқа мен бұл әулеттен құтылудың жолын көрмедім. Бірақ, күйеуім құлаған жоқ, өлген жоқ",-депті.

Блогер осы жағдайды баяндай отырып, расымен Шымкентте келінге артылар міндет өте ауыр екенін айтады.