Басты жаңалықтар

Тиматиды таң қалдырған әншінің клипі көпшілікке жақпай қалды (видео)

Желі қолданушылары әсіресе Назиманың бейнебаяндағы ашық образдарын жақтырмай қалды.

Әйгілі ресейлік шоуға қатысып, танымал продюсердің қол астына кірген отандық жас әнші Назиманың алғашқы бейнебаяны көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайд KYN.KZ. Осы жаздың атышулы оқиғаларының біріне айналған шымкенттік Назима танымал рэпер Тиматимен бірге шығармашылық жұмысын бастап та кетті. Жоба аяқталған соң продюсер оған ұзақ мерзімге шығармашылық келісім шарт ұсынған болатын. Назима оны қабыл алып, Мәскеуге көшіп кеткен отандасымыз алғашқы бейнебаянын да түсіріп үлгерді. Ресейлік әнші Скруджимен айтқан "Real One" әніне түсірілген бейнеклип әншінің отандастарына ұнамай қалған секілді. Желі қолданушылары әсіресе Назиманың бейнебаяндағы ашық образдарын жақтырмай қалды. Олар "Назимадан бұндайды күтпеп едім", "Шетелге еліктейтіндер көбейді-ау", "Қазаққа тән емес", "Қазақ қызы орыс тілде тәрбие алса, түбі арсыздыққа әкеледі" деп пікір білдірді.