Қоғам

"Біреуі қайтыс болды": Ақтөбеде атыс боп, сегіз адам жараланды

Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

28 мамыр күні Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

"Түнгі сағат 2-де жас жігітті белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізді. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмай, науқас қайтыс болды. Марқұм 18 жаста еді", - деді облыстық аурухананың дәрігері Жасұлан Орынбаев.

Жарақат алған 8 науқас та 18-22 жас аралығында. Оларды ауруханаға полиция және жедел жәрдем қызметкерлері алып келген. Қылмысқа қатысты 4 күдікті ұсталды. Олар қазір уақытша ұстау изоляторыда. Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.