Мәдениет

"Ешқайда шыққанын қаламаймын": Жахан Отарғалиев "әйеліне қол көтерді" дегендерге жауап берді

Жахан Отарғалиев: "Мен отағасы ретінде өз міндетімді атқардым".

Қазақстандық танымал актер және продюсер Жахан Отарғалиев әнші "Балжан Бидашқа қол көтерді" дегендерге жауап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бұл туралы ол журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында айтты. "Мінсіз адам болмайды" деген пікірді алға тартқан Жахан Отарғалиев Балжанмен ешқандай ұрыс керіссіз арыжасқанын мәлімдейді. Тіпті ол тбасы жайлы әңгімені де қозғағысы келмейді. 

"Біздің бөлмеде болған дүние ешқайда шыққанын қаламаймын. Себебі біз қазір бір-біріміз үшін бөтен адамдармыз. Біз шынымен ажырасып кеткенбіз. Мен оның артынан әңгіме айтқаным жігіттікке келіспейді. Оған тәрбием де, мінезім де жібермейді. Ажырасу деген өте жаман нәрсе. Біз еш ұрыссыз ажырастық. Отырып талқыладық. Ұзақ сөйлесіп, әркім өз ұстанымын айтты. Соңында тоқтатайық деген шешімге келдік. Ол кетіп бара жатқанда "екі жақта бақытты болатын сияқтымыз" деді. Сол сөздің мағынасын енді түсініп жатырмын. Ешкім мінсіз емес. Екеуміздің де қателіктеріміз болды. Біз бір-бірімізді ұрыс-керіссіз жібердік", - деді Жахан Отарғалиев.

Актер көптің "әйеліне қол көтерді" деген алып-қашпа сөздеріне де жауап берді. 

"Өмірімде әйел адамға қол көтеріп көрмеппін. Отбасымда да ондай дүние болған жоқ. Мен отағасы ретінде өз міндетімді атқардым. Ол да әйел ретінде өз міндетін атқарды. Бірақ келісе алмадық", - деді актер. 

Айта кетейік, бұған дейін Жахан Отарғалиев өзінің белсіздігі жайлы ашық айтып, диагноз қойылғаннан кейін депресияға түскені жайлы сұхбат берген болатын.