Мәдениет

"2 млн теңге": Мадина Сәдуақасова Ақтөбедегі концертінде тыңдарманына қолындағы жүзігін сыйлады (ВИДЕО)

Өнер иесі жүзігін қолынан шешіп, лақтырған болуы керек.

Эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова Ақтөбедегі концертінде қымбат жүзігін тыңдарманына сыйлап кетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ол бұл туралы өзінің İnstagram-парақшасында бөлісті. 

Әнші @zello_aktobe_region парақшасындағы видеоны бөліскен. Онда "Мадина Сәдуақасова құны 2 млн болатын жүзікті ақтөбелік тыңдарманына сыйлады" деп жазылған. 
"Сақинаны қағып алған жан әнші болып шықты" дегеніне қарағанда өнер иесі жүзігін қолынан шешіп, лақтырған болуы керек.