Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Абайдың өзіндей": Өзбекстанда ұлы ақынның әнін орындаған қазақ жігіті әділқазыларды таң қалдырды (ВИДЕО)

"Абайдың өзіндей": Өзбекстанда ұлы ақынның әнін орындаған қазақ жігіті әділқазыларды таң қалдырды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
Асқар өзінің Instagram желісіндегі парақшасында орындаған әнінің видеосын бөліскен.

Қазақстандық дәстүрлі әнші Асқар Мұқият Өзбекстандағы "OVOZ The Voice" жобасында ұлы ақын Абайдың әнін орындады. Өнер иесінің перформасын әділқазылар өте жоғары бағаларды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Асқар өзінің Instagram желісіндегі парақшасында орындаған әнінің видеосын бөліскен. 

"Бұл жолы Абай Құнанбайұлының өлеңіне жазылған Сыдық Мұхаметжановтың "Жарық етпес қара көңілім не қылсада" әнін орындап едім.
Өзімді өзім түсіне алмаймын өз орындауым өзіме ешқашан ұнаған емес… - деп жазды Асқар Мұқият.

 "OVOZ The Voice" атты халықаралық жобада Қазақстан атынан шыққан әншінің өнерін Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Фаррух Закиров, мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков, танымал әнші Севара Назархан, Тохир Содиков сынды өнер иелері бағалады.

Олар "Ой, айналайын", "Абайдың өзі секілді", "Ғажап" секілді сөздерін аямай жаудырып, әншіге сәттілік тіледі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар