Қоғам

"Қатты ішіп, төбелестік": қазақстандық көріпкел шенеунік клиенттерінің құпиясын айтты (ВИДЕО)

"Ақ ана" лақап атымен танылған әйел болса, өзіне көмекке жүгінген Бишімбаев жайлы да сөз қозғады.

Қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова өзінің көмегіне жүгінген билік өкілдері мен Жоғарғы соттағылар, прокуратурадағылардың сырын ашты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ол бұл туралы   Airan медиаға берген сұхбатында мәлімдеді. 

«Жоғарғы сотта, прокуратурада жұмыс істейтін клиенттерім бар. Көптеген журналистер маған жүгінеді. Әйелдер ғана көріпкелге жүгінеді деп айта алмаймын. Ер азаматтар да, жас балалар да келеді. Ер адамдар әйелі көзіне шөп салып жүр ме деген сұрақпен келеді. Ондай адамдар бұрын болған, қазір де бар, болашақта да болады. Бишімбаевтың сотында бәрі көріпкел, таролог деген нәрсе барын бірінші рет естігендей болды», - дейді Бақыт Жұматова

Тіпті клиенттерінің ішінде Болат Назарбаев та болған екен. 

«Мен Назарбаевтар әулетін  емдеген кезім болды. Біз отырған ғимаратты салған Болат Назарбаев деп айтады. Шын мәнінде ол салған жоқ. Бірақ ғимаратты салуға өзімнің шәкірттерім, қарапайым адамдар көмектесті», - дейді ол.

"Ақ ана" лақап атымен танылған әйел болса, өзіне көмекке жүгінген Бишімбаев жайлы да сөз қозғады. Марқұм Салтанат Нүкенова қайтыс болған күн туралы баяндап берді.

"Ол хабарласты. Нақты уақыты есімде жоқ. Менің қолым бос емес еді. Бірақ тұтқаны көтердім. Ол "Салтанат екеуміз қатты мас болып, төбелестік" деді. Бұл шамамен түстен кейінгі уақыт еді. 15.00-16.00 еді. Оның ішімдік ішкені байқалып тұрды. Қатты мән бермедім. Ол "қарап беріңізші" деді. Мен "дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр" дедім. Ол "қайта-қайта қарап көріңізші" деді. Өте қысқа әңгіме болды. 30 секундтай. ..."Кеше қатты ішіп, қатты төбелестік" деді. "Мен не істейін?" дедім. Дауысы күндегідей емес еді, әр сөзін таңдап айтты. Мен "жедел жәрдемге хабарлас" дедім", - дейді ол.