Жаздың алғашқы күндері біраз өңірде үсік жүреді: ауа райы болжамы
1 маусымда солтүстікте және шығыста 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Метеорологтардың мәліметігше, Қазақстанның басым бөлігінде температураның жоғарылауы күтіледі.
Алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, ал 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жаууы ықтимал және екпінді жел тұруы ықтимал. Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жаңбыр жаумайды. 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамырда, 1 маусымда солтүстікте және шығыста 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Күндіз республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Мәселен, еліміздің батысында, оңтүстігінде +27...+35 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта +15...+25 градус жылы, оңтүстік-шығыста +22...+27 градус жылы, шығыс облыстарда ауа температурасы +10...+20 градус жылы болады. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2108907-35-gradus-ystyq-zhangbyr-elimizde-mamyrdyng-aiagynda-aua-raiy-qandai-bolady/