Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жылда тосынсый жасайтын еді": Нүкенованың анасы туған күнінде жансыздатар жазба қалдырды

"Жылда тосынсый жасайтын еді":  Нүкенованың анасы туған күнінде жансыздатар жазба қалдырды
Жұмагүл Нүкенованың Instagram-парақшасынан
Бүгін қалыпты жағдайдың болмағаны ана жүрегіне батып, еріксіз көзіне жас алдырды.

Бұрынғы министр қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова туған күнінде жансыздатар жазба қалдырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қызына деген сағынышын жазып, аянышты жазба қалдырған. Өйткені жылда дәл осы күні ұлы мен қызы оған арнайы кеп, сыйлық сыйлайтын көрінеді. Бүгін қалыпты жағдайдың болмағаны ана жүрегіне батып, еріксіз көзіне жас алдырды. 

«Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосын сый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды», - деп жазды анасы.

Десе де, әлеуметтік желі қолданушылары Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясын өткізіп, оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнап жатқанға ұқсайды.

«Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет», - деп жазды Жұмагүл Нүкенова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар