"Чемоданнан бөлшектелген денесі табылды": Дубайда қазақ қызын бұрынғы жігіті өлтіріп кетті (ВИДЕО)
Жантүшігерлік оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінде болған.
Бұрынғы жігітінен қашып, Дубайға кеткен Яна Бейсембаеваны өлтіріп, денесін чемоданға салған. Бұл туралы YouTube арнасында арнайы деректі фильм жарияланды, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы.
Жантүшігерлік оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінде болған.
"Бұл деректі фильм Біріккен Араб Әмірліктерінде аяусыз өлтірілген көңілді, жас және амбициясы мықты Яна Бейсембаеваның оқиғасы. Оны "сүйіктісі" ең құнды - өмірінен айырды. Ал оны қасақана, азаптап өлтірген бұрынғы жігіті. Бұл классикалық абъюзивті қарым-қатынас болды. Жағымды жас жігітпен танысу, махаббат туралы ант беру және бақытты болашаққа деген үміт- бәрі жақсы-ақ басталған. Алайда ол үміт сөнді. Себебі қоқан-лоққылар мен бопсалау басталды.
Біздің кейіпкеріміз осы тираннан алыс басқа елге қашуға мәжбүр болды. Бірақ бұл Янаны құтқармады. Нәтижесінде чемодандағы оның кесілген денесі шалғайдағы Араб шөлінен бір-ақ табылды. Барыс Медиа түсірілім тобы жәбірленуші тараптың адвокаты Ғалым Нұрпейісовпен бірге Дубайға арнайы келіп, осы сұмдық оқиғаның жай-жапсарын сіздерге баяндап бермек", - деп жазылған аноста.
Өте ақжарқын қыз Яна Қытайда білім алып, сонда жұмыс істеп бастайды. Кейін Атырауда қызмет атқарады. Ал өліміне себеп болған жігітпен 3 жыл бұрын танысады. Алайда оның 3 баласы бар екенін кеш біледі. Жігіттің келіншегі де өте қызғаншақ екен.
Жігіт Яна Бейсембаеваны қызғанып, ұруды бастайды. Қарым-қатынастан ештеңе шықпайтынын ұққан Яна жігітпен айрылысуға шешім қабылдайды. Бірақ жігіт қыздың ізінен қалмай қояды.
"Янаны іздеп үйге дейін келетін. "Кет" десе, кетпейтін. Ит үрсе де, біз айқайласақ та кетпей тұрып алатын",- дейді Арман Бейсембаев.
Яна қаза болардан 9 ай бұрын жігіт қызды зорлаған. Яна "зорлау" туралы арыз жазады. Бірақ көп өтпей арызды қайтарып алуына тура келеді. Яна жігіттен құтылу үшін Біріккен Араб әмірлігіне жұмысқа баруға шешім қабылдайды. Жігіт Янаны іздеп, Біріккен Араб әмірлігіне барған. Ол ұшақтан түсе сала, Яна жұмыс істейтін мекемеге барады.
Дубай прокуратурасының тергеуі бойынша, ер адам Янаны пышақтап өлтірген. Ол алғашында иығы мен қолына пышақ сұққан. Яна қашуға талпынғанда жігіт ашуға булығып, денесінің барлық жеріне пышақ сұғып тастаған. Кейін, Янаның қаза болғанын көріп, чемоданға салып шалғай елді-мекенге лақтырып кеткен.