Жайық суы жазық даламен ағып, Атырау қаласына жақындап қалды
Қазір қала шетіндегі бөгеттерді биіктету жұмыстары жүріп жатыр.
Жазық даламен ағып келген Жайық суы шаһар іргесіндегі бөгеттерде іркіліп тұр. Қазір қалағаға жақын орналасқан 37 шаруашылық суда тұр. Сондай-ақ, демалыс орны мен бір дәмхананы тасқын шайып кеткен.
Қаланы кесіп өтетін Жайықтың деңгейі шекті межеден асып кеткен. Бірақ қалаға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Есесіне Атырауды айналып өтетін Сарыөзек және Соколок каналдары арнасынан асып, жан-жаққа жайылуда. Сондықтан қала аумағындағы бөгеттерді биіктету жұмыстары жүріп жатыр. Оған үш жүзден астам техника жұмылдырылған.
"265 шаруа қожалығының 37-сі жайылым судың астында тұр. Оның ішінде егін егетіндер бар және мал шаруашылығы бар. Мал шаруашылығының барлығының малдары шығарылды. Басқа жерге шығарылды. Ешқандай адам шығындары жоқ. Ешқандай үй суға кеткен жоқ",— дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.