Қоғам

"Көзін күштеп ашқан": Солтүстік Қазақстанда алаяқтар ер адамды қинап атына несие рәсімдеген

Ер адамның көзін қинап ашқан сәтте сәйкестендіруден сәтті өткен.

Мына суретте онлайн операциядан ер адамды өткізу үшін өзге адам оның көзін күштеп ашып тұр. Кң қызығы, ол осы қалпында сәйкестендіруден сәтті өткен, деп жазады KYN.KZ  тілшісі.

Бұл жағдай  2021 жылы болған. Ол сол сәтте темір жолдағы жұмысында жүрген. Қасында әріптесі болған. ойламаған жерден өздерін ресейлікпіз дегендер пайда болып, өз аттарына  телефон нөмірді рәсімдеуге көмек қолдарын созуды сұраған. Ақыры болмаған соң, күш қолданған. 

Дәл осы жағдайды күдіктілер тағы екі кісіге жасаған. Олд екі адамға да несие рәсімделгені белгілі болған: біреуіне 785 мың теңге, екіншісіне миллионға жуық.