Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды
Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ENU «Топжарған» жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беруде.
Ақын Серікзат Дүйсенғазы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Серікзат Дүйсенғазы ENU еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастап, кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған.
22 жылын оқу ордасына арнаған Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі болды.
Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.
Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ENU «Топжарған» жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беруде.