Қоғам
"Басын кесіп, көміп тастады": Маңғыстауда бұрынғы әскери қызметші тұтқындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2024
- 3.9k
Тергеу мәліметтері бойынша, олар өлтірілген адамның басын кесіп, көміп тастаған.
Маңғыстау облысында 59 жастағы ер адамды ұрлап, аяусыз өлтіргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бұл туралы Egovpress Telegram арнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі хабарлайды.
Полицейлер 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкерді тұтқындаған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар өлтірілген адамның басын кесіп, көміп тастаған.
"Адам ұрлап, өлтірді деген екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ПД күдікті ретінде, бұрын жұмыс уақытындағы серуені үшін қызметінен босатылған әскери қызметші танылғанын растады.