Мәдениет

Серікжан Біләш: Мисыз халқым, билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін

TikTok әлеуметтік желісін жаулап жүрген видеосында белсенді көпшілікті "мисыз халқым" деп атады.

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атап, оны қолына билік түскен күні-ақ Қытайға аттандыратынын жеткізген сөзі жазылған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

TikTok әлеуметтік желісін жаулап жүрген видеосында белсенді көпшілікті "мисыз халқым" деп атап жазғанға ұқсайды. Бұл сөзінің астында 5 мыңға жуық пікір де жазылған.

"Димаш Қытайдың жобасы. Оны Америка емес, Еуропа емес дәл Қытай шығарды. Мисыз халқым соны түсінбейді. Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін", - деді белсенді.

Айта кетейік, Серікжан Біләштың атынан шығып жатқан бұл видеоның рас өтірігі белгілі емес, алайда былтыр да ол "Димаш Құдайберген неге АҚШ-тағы расизмге қарсы, Қытайдағы лагерьлерге қарсы емес?" деп сұхбат берген болатын.