«Трендке де шығардым»: Ерке Есмахан енесіне қымбат фен сыйлады
Ерке Есмахан ата-енесін қыдыртып, қаланың әсем жерлерін көрсетіп жүр
Әнші Ерке Есмахан енесіне қымбат бренд сыйдығын тарту етті. RAIM-ның ата-анасы Алматыға қонаққа келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі ата-енесімен бірге әсем қаланы қыдырып жүр. Бұл туралы видеоны Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Мама жаңа тауда жүрген кезде сізге таңертең тапсырыс беріп сыйлық алдырып қойдым. Бұл – шашқа арналған стайлер. Бренд, мама, бұл бренд. Сізге ұнауы керек. Бұл фен болады. Енді шашыңыз күшті болады, одан сайын әдемі боласыз», - дейді Ерке Есмахан.
Қымбат сыйлыққа қуанған ол келініне рахметін айтады. Бұдан бөлек, әнші енесіне бриллиант та сыйлағанын жазған.