Қоғам

"Тәлтіректеп зорға отыр": Талдықорғанда науқас балаларды алкогольді ішімдікке "тойып алған" дәрігер қабылдаған (ВИДЕО)

Кадрда ақ халат киген ер адамның тәлтіректеп зорға отырғанын көруге болады.

Талдықорғанда балаларды алкогольді ішімдікке "тойып алған" дәрігер қабылдаған. Видео Instagram @krisp.tdk парақшасында жарияланған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Кадрда ақ халат киген ер адамның тәлтіректеп зорға отырғанын көруге болады. 

"Кеше түнгі 22.00-22.30 шамасында хирург алкогольді ішімдік ішкен дәрігер қабылдады. Мен басқа хирургті шақырыңыз деп талап етпегенше, басқа қызметкерлер мен ата-аналар сол дәрігердің аузына қарап тұра берді», - деп жазды тұрғын.

Көп ұзамай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«2024 жылы 30 мамырда кешкі уақытта қызметкердің мас екені анықталды. Ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан шығарылды», - делінген аурухананың түсініктемесінде.