Қазақстандық 2 төреші күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етпек
Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.
Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Араларында 2 қазақстандық та бар, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар – Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай. Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.