Алматыда 20 жастағы кассир қызға сезімін білдірген жігіт бір ай өткенде ұрып-соғып, күштеп несие алдырған (ВИДЕО)
Әсем өзіне қол салмақ болып бір уыс дәрі ішіп, қоштасу хатын жазғанда ғана анасы бәрін түсінген.
Әсем есімді бойжеткен шағын дүкенде кассир болып жұмыс істеген. Келіп жүрген клиент жігіт оған көңіл білдіріп, олар көп ұзамай жиі сөйлесетін болған. Жігіт үнемі дүкеннен спирттік ішімдік алады екен. Әсем сұраған сәтте "Ағама" деп қысқа қайыратын көрінеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
Әсемнің анасы болса небәрі бір айдың ішінде 20 жастағы қызы көп жылап, тұйықталып мінезі өзгеріп кеткен.
"Кішкене сөйлесек жылап қалады. Күн ыстықта қалың киініп алады. "Шеш" десек шешпейді. Сөйтсек ана жігіт оны ұрып денесін көгертіп тастайды екен. Қинап несие алдырыпты. Сонда айтқаны "Екі ініңді бауыздап өлтіремін депті" бұл қорқыпты. қастандық жасап қояды деп. Ақыр аяғы қарызға батқан, ішкіш жігіт күнде бопсалап ұрып соққан. Содан сіңлімнің қызына қоштасу хатын жазыпты. ол таң болып маған айтты. Қарасам уыс дәріні ішіп өлуге айналған. дереу дәрігер шақырып, әрең аман алып қалдық",-дейді қыздың анасы.
Қыз өзін ата-анасының үмітін ақтамадым деп жазғырып, өмірмен қош айтыспақ болған. Өзіне қол салған күні барлық ақиқат туыстарына тараған. Қызға жақындары полицияға арыз жаздырған. бағдарламаға келіп оқиғасын айтқандағы мақсаты Алматы қаласы, Алатау ауданы полицейлері жазған арызды "Қылмыс құрамы жоқ" деп жауып тастапты. Сол арыздың дұрыс қаралуын талап етіп келген.
Екі рет түрін суретке түсіріп несие алғызған. Сайып келгенде Әсем банкке қанша қарыз екенін өзі де білмейді.
"Бұдан басқа менің суреттерімді танысу сайттарына салып, мені жеңілтек қыз секілді көрсеткен. Кейін бір таныстарым сен осы танысу желісінде отырасың ба деп жібергенде таңғалдым. Содан кейін анама айтып жыладым, шаршап кеткенімді айттым",-дейді Әсем Әсірбекова.