Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Үкіметтің айтқанын істейтін адам шығарып жатыр”: мұғалім мектептен неге кеткенін айтты

“Үкіметтің айтқанын істейтін адам шығарып жатыр”: мұғалім мектептен неге кеткенін айтты
Сурет: Видеодан скрин
Мектептен неліктен кеткенін айтқан мұғалім балалардың өміріне балта шапқысы келмеген

Әлеуметтік желіде белсенді Күләйхан Сәлімбаева мектептегі мұғалімдік қызметінен не себепті кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қазақ-орыс аралас мектепте тәрбие жөніндегі меңгеруші болған. Айтуынша, еліміздегі білім ордаларында балаға өз орнын табуды емес, бұйрықты орындауға тәрбиелем жатыр екен. 

«Мен балалардың өміріне балта шапқым келмеді. Мектеп балаларды солдат сияқты автоматты түрде бұйрықты орындайтын адам жссап шығарып жатыр. Мектепте үкіметтің айтқанын істейтін, тұр десе тұрып, жат десе жататын адам шығарып жатыр. Мектептегі тәрбие де, оқу да солай. Мектепте балаға өмірде өз орнын табуды, кәсіп жасауды, ақша табуды, оны үнемдеуді, не көбейтуді үйретпейді. Ондай сабақ жоқ. Ондай сабақ болған күннің өзінде оны оқытатын адам жоқ. Балалар тек ойында оқу бітіріп, өкіметке жұмысқа кірсек деген балаларды мектеп шығарып жатыр. Балаларыңыз өте жасық болып жатыр. Қатаң бұйрықпен өсіріп жатырмыз. Маған ол ұнамады», - дейді бұрынғы ұстаз

Бұдан басқа ол орыс және қазақ сыныптарында кикілжің туса, қазақтардың аузын жабуға тырысатынын айтады. Осыған жүрегі ауырған мұғалім, балаларды намыссыз қылып жатқанын жеткізді. 

“Өзім аралас мектепте істедім. Орыс сыныптарында меңгеруші болдым, соларға сабақ бердім. Қазақ және орыс балалары арасында конфликттер туады. Қазақ балаларының аузын жабамыз. Сен «үндемей-ақ қойшы, сен мақұл дей салшы» дейміз. Орыс сыныптарының балалары «скандальный», арыз жазып жібереді. Балалардың еркіндігін осылай сындырамыз, жасық қыламыз, намыссыз қыламыз. Соған жүрегім ауырады. Маған бұзық балалар ұнайды. Біз олардың аузын жабамыз. Сағын сындырамыз. Сөйтіп, жасық қылып, өсіріп жатырмыз. Сондықтан, мектеп бермесе, балаға керектісін өздеріңіз беріңіздер. Өздеріңіз білмесеңіздер, үйреніңіздер! Бала еркін болсын. Біз қазақ, еркін даланың баласымыз. Қазір не болдық? Тордағы торғай болдық. Сондықтан, өздеріңіз торда отырсаңыздар, балаларды да сол торға қамамаңыздар. Бәрімен аралассын, ел көрсін, жер көрсін, үйренсін», - деп сөзін аяқтады.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар