Қоғам

“Шашымнан ұстап, жұлқыды”: Қарағандыда Indriver такси жүргізушісі жолаушы қызды ұра жаздаған (ВИДЕО)

Жолаушы қыздың айтуынша, такси жүргізушісі олардың белгілеген бағасына келіспеген

Қарағандыда Indriver қызметінің такси жүргізушісі жолаушы қызды шашынан тартып, жұлқылаған. Ол көрсетілген жолақысына келіспеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 маусым күні кешке Қарағандыдағы 15-ші аялдамада орын алған. Теміртауға бармақ болған қыздар жолдың бағасын көрсетіп, такси шақырған.

"1 маусым кешкі сағат 22:00 шамасында мен индрайвер таксиін шақыртып, жолдың бағасын 3 адамға 1500 теңгеден деп көрсеттім. Жүргізушісі хабарласып, біздің нешеу екенімізді сұрады. Мен біз үшеу екенімізді және әрқайсымыз 1500 теңгеден, Теміртауға баратынымызды айттым. Сөйтіп 3 бағытқа = 4500 теңгеге келістік. Бағасына келіскеннен кейін басқа көлік  келіп тұр. Олар осылай топтасып адам тасымалдайды екен. Бір кезде әр адамға қаншаға келіскенімізді сұрады, 1500 деп айттық. Осы кезде ол 2000 теңгеге апаратынын айтып, наразылығын білдіре бастады. Осы уақытта ол бізге бейәдеп сөздер айта бастады”, - дейді жолаушы.

Ары қарай такси жүргізушісі мен қыздардың арасында ұрыс басталған. Олар Теміртауға барудан бас тартқанда, ер адам біреуіне шабуыл жасаған.

“Біз жүргізушінің тоқтауын өтініп, Теміртауға онымен бармайтынымызды айттық. Осы кезде ол менің шашымнан тартып, жұлқылай бастады. Егер құрбыларым болмағанда ол мені ұратын еді”, - дейді қыз.