“Не айттың маған?”: Қаскелеңде ер адам қызды подьездің ішіне кіргізіп ұрған (ВИДЕО)
Жігіт қызға дөрекі сөздер айтып, оны ұрып-соққан
Алматы облысы Қаскелең қаласында ер адам қызға айқайлап, оған қол көтерген. Бұл туралы көрші үйдің тұрғыны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге бөліскен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Автордың айтуынша, бұл оқиға бүгін күндізгі 16:00 шамасында болған. 18 жастағы жігіт қызға дөрекілік көрсетіп, подьездің ішіне кіргізіп алып ұрған.
“Бұл оқиға үйдің подьзінің алдында болды. Әпкем жігіттің қызға дөрекі сөйлеп, айғайлап жатқанын көріп қалған. “Не айттың маған” деп қайта-қайта айтып айғайлаған. Қыз құтылып кетпекші болғанымен, оны жібермей қойыпты. Біз басында бақылап тұрдық, бірақ күшпен қызды подьезге сүйрегенін көргенде артынан бардық. Подьезден жарты сағат бойы айғайлаған дауыс пен ұрғынын естіген бойда бірден полицияға хабарластық. Қасында құрбысы болған, ол да ұрып жатқанын айтты. Подьездге кіріп қыздың жағдайын білмекші болдық, алайда көршілері оның әйелі екенін, ең бастысы өлтірмеді ғой дегеннен басқа ештеңе істемеді. Ешкім көмектесе алмады. Жігіттен неке қию туралы куәлігін сұрасақ, жоқ екенін айтты”,- деп жазды видео авторы.
Бір жарым сағат шамасында оқиға орнына жеткен полиция жігітке 18 мың айыппұл салып, ары қарай кетіп қалған.