Қоғам

“5-6 жасқа дейін сөйлей алмайды”: маман кесір тілігімен туылған балалардың тілінің кеш дамитынын айтты (ВИДЕО)

Мұндай проблеманың алдын алу үшін әр ата-ана баласымен жиі сөйлесіп, бірге серуендеуі қажет екен

Маман кесір тілігі арқылы туылған балалардың сөйлеу тілі кеш шығатынын айтты. Өйткені олар табиғи туу жолымен өтпейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы миологопед өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол кесір тілігі арқылы босанған аналарға бұл проблеманың алдын-алу жолдарын ескертті. 

“Кесір тілігімен туылған балалар 5-6 жасқа дейін сөйлемей жүреді. Оның басты себебі кәдімгі балалар секілді туу жолдары арқылы өтпейді. Бірінші айлық баланың сөйлеу тілін дұрыс дамығанын уілдегенінен байқаймыз. Сіздің балаңыз кесір тілігімен туылған болса, мұндай проблемалардың алдын алу үшін балаңызбен жиі сөйлесіңіз. Ойнатыңыз, жиі қарым-қатынасқа түсіңіз. Жиі таза ауада серуендеңіз”, - дейді маман.