Қоғам

Қайрат Боранбаев жаңа қызметке сайланды

Боранбаев: "Тарлан" инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр".

Бизнесмен Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы бизнесмен Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мен қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерімізге қарамастан, жоспарымыз көп", - деді Боранбаев.

Қазіргі таңда Париждегі Паралимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатқан көрінеді. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталмақ. Сондай-ақ Ұ Бұдан бөлек паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынбақ.

"Менің мақсатым – паралимпиадалық спорттың тиімді жүйесін құру және Қазақстанның өңірдегі спорттық көшбасшылығын нығайту. Осы жолда мені қолдайтындардың барлығына ризамын!", - деді ол.